2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 119 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 543145984 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 113646743 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 5241511 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 0 теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 424257730 мың теңге;
2) шығындар - 540822566 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 12624327 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 21044660 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 8420333 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -10300909 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 10300909 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 18044660 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 7743751 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. 2024 жылға арналған облыстық бюджет түсімдерінің құрамында, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
3. 2024 жылға арналған облыстық бюджетке, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
1) корпоративік табыс салығы бойынша:
Қарағанды, Саран қалаларына - 50 пайыздан, Абай ауданына, Теміртау қаласына - 95 пайыздан, Балқаш, Приозерск, Шахтинск қалаларына, Нұра, Осакаровка, Шет аудандарына - 98 пайыздан, Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Қарқаралы аудандарына- 99 пайыздан;
2) жеке табыс салығы бойынша:
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын: